28
маусым
2024
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтінімдерді қабылдау жалғасуда


📆 Биыл 1 сәуірде басталған бірінші сыныпқа өтінімдер мен құжаттар қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
💻 Ата-ана балаларының құжаттарын еgov.kz электронды үкіметінің веб-порталы арқылы бере алады. Жалпы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам қазақстандық бала барады деп күтілуде.
📎 Естеріңізге сала кетейік, азаматтарға қолайлы болуы үшін, бұл қызмет түрі автоматтандырылып, құжаттарды қабылдау egov.kz веб-порталы арқылы жүргізілуде. Бірінші сыныпқа балалар алты жастан бастап, ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
📂 Портал арқылы ұсынылатын құжаттар:
1) Ата-анасының немесе заңды өкілдің өтініші;
2) 065/е нысанындағы «Профилактикалық екпелер картасы» және №052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығы картасы» медициналық құжаттары;
3) Баланың 3х4 см көлеміндегі цифрлық фотосуреті.
📌 Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Продолжается приём заявок для зачисления в первый класс
📆 В этом году прием заявлений для зачисления в первый класс стартовал 1 апреля и продлится до 31 августа 2024 года, передает пресс-служба Минпросвещения РК.
💻 Родители могут подать документы ребенка на веб-портале электронного правительства еgov.kz. Ожидается, что в новом учебном году в первый класс пойдут более 370 тысяч казахстанских детей.
📎 Напомним, для удобства граждан услуга автоматизирована, прием документов проводится через веб-портал egov.kz. В первый класс принимаются дети с шести лет на основании личного заявления родителя или законного представителя.
📂 Для сдачи через Портал:
1) заявление родителей или других законных представителей;
2) медицинские справки формы № 065/у «Карта профилактических прививок и формы № 052-2/у «Паспорт здоровья ребенка»;
3) цифровая фотография ребенка размером 3х4 см.
📌 Заявки принимаются с понедельника по пятницу за исключением выходных и праздничных дней.