«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты» » КГУ "Основная средняя школа №14" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№14 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 55-33-09
Есепші:
+7 (7232) 55-36-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»
25
ақпан
2021

«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»



АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ 
ӘДІЛДІК ФИЛОСОФИЯСЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті.
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен еліне қызмет етуге арнаған.
Сұлтанмахмұт поэзиясы – ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Ақын өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:
«Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда», – деп жырлап, өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді: өзінің халқына өнер, білімнің шыңына шығу арқылы еркіндік, бақыт іздеді.
Ақынның бел шешіп жазу ісімен айналысқан кездері қазақ халқының тарихында өте бір ауыр жылдар еді. Ол мәдениеті озық, экономикасы дамыған елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалықтың жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгінгі жастарға оқу міндет, бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ой тастап:
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?», – деп жазды.
Ақынды толғандырған мәселелер бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Автордың пікірінше, әділдік қана адамдарды «өзара таласудан», «адамның көз жасынан» және «қан төгуден» құтқара алады. Әділдік – бұл «бақыт пен күштің кілті».
Оның сөздері жас ұрпақ үшін бағдар және мәңгілік темірқазық болып қала бермек.
Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/VF3wuITxb6s 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Xbxehh
9 Наурыз 2024 01:01
atorvastatin 10mg over the counter <a href="https://lipiws.top/">cheap lipitor 80mg</a> buy lipitor tablets